Семей қаласының Психиатриялық диспансері
Русский Қазақша

Семей қаласының Психиатриялық диспансері

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының психиатриялық диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Семей қаласы

Семей аймағындағы 355,008 халыққа арнайы психиатриялық көмек көрсетеді.  1896 жылы ашылғаннан бері 20 орынды жергілікті жан аурулары ауруханасынан, Семей қ ПД  ШЖҚ КМК дейін ұзақ жолды жүріп өтті.

Семипалатинск облысында психиатриялық көмек қалыптасқан күннен бастап, дәрігер психиатрлар балаларға және ересектерге психотеропевтілік, психиатриялық көмекті шұғыл және жоспарлы көрсеткен, көрсетуде.

Емхана-амбулаториялық көмек айқын жөнге салынған, сот-психиатриялық сараптама өткізіледі, еңбекке жарамсыздығы бойынша сараптама, жүргізушілердің денсаулық жағдайы, бозбаланың кәсіби жарамдылығын бағалау жүргізіледі. Психиатриялық дис стационары-230 төсек орны, емхана-амбулаторлық қызметінің қуаты -50 науқас.

Дәрігерлер, орта және кіші медициналық қызметкерлер психикалық науқастарды емдеуге барлық замануа әдістерін қолданып және оңалту бағдарламасын жоғары мамандандырылған көмекпен қамтамасыз етуге қабілетті.

Психиатриялық  диспансерде емделушілерді қолдау әрекеті қызмет етеді.

Миссия

Адамгершілік ,заңдылық  негізінде барлық  кәсіби куштерді қоса отырып, аймақ  халқына мамандырылған психиатриялық көмекті қамтамасыз ету ,әрбір мұқтаж азаматты кепілдірілген тегін медициналық көмек көлемімен қамтамасыз ету, сонымен қатар әрбір азаматты Қазақстан Республикасындағы кепілдендірілген мамандырылған психиатриялық көмек түрлерімен қамтамасыз ету .

Жан саулығы – халықтың рухани дамуының кепілі.

Біздің мекеме ұжымның қызметі 3 негізгі қағидалардан тұрады:

- Халықтың психикалық денсаулығына қамқорлық;

- Науқастарға адамгершілік қатынас

- Жұмыстың бірізділігі және қызметтің жаңа түрін іздеу;

Диспансерлік –емханалы бөлім жыл сайын 32000 емделушілерге емдеу – кеңестік көмек көрсетеді.

Емхана диспансерлік бөлімінің қызметі учаскелік қағида бойынша жүргізіледі,әсіресе егде және қарт жастағы, тасымалдауға жарамайтын, журеалмайтын емделушілер уйде бақылау (патранаждау) әдісімен көмек көрсетіледі

Жасөспірім бөлімінің дәрігері Әкімшілікте жасөспірім ісі жұмысын атқаруға белсенді қатсады

Сонымен қатар Семей қаласының Писихиатриялық диспансері қаланың ПМСП мекемелерімен үнемі тығыз байланыста.

Семей қаласының Психиатриялық  диспансері базасында Мемлекеттік  медицина  университетінің  психиатрия курсы ,неврология ,психиатрия  және наркология кафедрасы орналасқан  олармен жемісті әріптестіктеміз

Осы қызметтестіктің шегінде жүйелі  бірігіп ғылыми – тәжірибелі конференциялар, психиатр – нарколог  қоғамының мәжілістерін өткіземіз,психикалық ауруларды емдеуге замануи әдістерін жүзеге асырудамыз.

«Семей қаласының Психиатриялық диспансерде» жақсы материалды техникалық базасы бар, белсенді түрде жаңа диагностикалық және емдеу технологиясын енгізіп және өз әрекеттерімізді үнемі жетілдірумен айналысамыз.